Алакөл – Қарағанды облысы Нұра ауданындағы көл. Кеңжарық ауылының оңтүстік-батысынан 21 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 371,6 м биіктікте.
Гидрографикасы Аумағы 5,5 км2, ұзындығы 4,5 км (жағалауының ұзындығы 12 км, енді жері 1,7). Су жиналатын алабы 125 км2. Негізінен еріген қар суымен толысады. Қараша айында суы қатып, сәуірде мұзы ериді. Қуаң жылдары кеуіп қалады. Суы тұзды кермек, сілтілігі төмен. Жақын маңайдағы шаруашылықтар пайдаланады. Жағалауы жайпақ, жусан мен сор өсімдіктері өседі.
Санат:Нұра ауданы көлдері