Алтынкөл – Жетісу облысы Панфилов ауданы, Қарақұм және Мойынқұм құмдарының аралығындағы көл. Ават ауылының оңтүстік-шығысында 13 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 657 м биіктікте жатыр. Шығысынан Қорғас өзені ағып өтеді. Қорғас – Іле өзендері алып келген аллювийлі жыныстарында орналасқан. Көлдің айналасын биіктігі 20 – 25 м-дей құм шағылдары қоршап жатыр. Маңында ақ сексеуіл, жүзгін, жыңғыл, ала тораңғы өседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Панфилов ауданы көлдері