Аңтәрізділер немесе Тероморфтар (, ,  - «жануар» және  - «форма» — «аң тәрізді») — немесе Синапсидтер () — 320 млн жыл бұрын тіршілік еткен, қазбадан табылған жануарлардың таксономиялық тобы, ерте заманның аңтәрізді бауырымен жорғалаушылары. Бұларға пелткозаврлар, дромозаврлар, дейноцефальдар, аномодонттар және аң тістілер жатады.

Синапсидтер тас көмір дәуірінің аяқ кезінде котилозаврлардан пайда болып, триас дәуірінде өліп біткен. Бұл жануарлардың арасында тышқандай ұсақ, керіатей ірі түрлері болған. Синапсидтердің көбісі жыртқыштар, бірақ өсімдік және бұнақденелермен көректілері де болған. Эволюциялық даму нәтижесінде оларда сүт көректілерге тән екі желке төмпешігі т.б. белгілер болған.

Аңтәрізділердің сүйектері алғаш рет Батыс Оралда пермь кезеңінің мыс құмдарының арасынан табылған. Олардың сүйек қалдықтары Азия, Еуропа, Солтүстік Америка, Африка құрлықтарының тас көмір дәуірінен бастап, юраның ортасына дейінгі геологикалық тұнба қабаттарында кездескен. Аңтәрізділер бұл дәуірде котилозавралардан бастап, жоғары сатыдағы териодонттарға дейін дамыған. Көпшілігі жыртқыш (горгонопсий тұқымдастары) болған. Пеликозаврлар сияқты түрлері өсімдіктермен, ал кейбір түрлері ұлулармен, жәндіктермен қоректенген. Бұл жануарлардың арасында қазіргі кемірушілердей ұсақ, мүйізтұмсықтардай ірі түрлері де болған. Негізінен құрлықта, кейбір түрі (офиаконодонттар, дейноцефалдар, листрозаврлар) тұщы көлдердің бойында, батпақты жерлерде тіршілік еткен. Дицинодонт сияқты түрлерінің саусақтары жер қазуға бейім келген. Аңтәрізділердің 60-қа жуық тұқымдасы, мыңнан аса түрлері болған. Бұлардың синопсидтер деп аталатын түрі сүтқоректілердің арғы тегі болып саналады.Қазақ энциклопедиясы I том

Классификациясы Топтың құрамына екі жасақ кіреді: Pelycosauria (пеликозаврлер) Therapsida (терапсидтер)

Терапсидтер - Biarmosuchia (биармозухиялар), Dinocephalia (дейноцефалдар), Anomodontia (аномодонттар) Theriodontia (териодонттар)Liu J., Olsen P.  The Phylogenetic Relationships of Eucynodontia (Amniota: Synapsida). — Journal of Mammalian Evolution. 2010. 17(3): 151..

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Synapsida — Pelycosauria Transitional Vertebrate Fossils Synapsidomorpha in Wikispecies directory

Санат:Омыртқалылар Санат:Құрып біткен жануарлар Санат:Динозаврлар