Арасантау – Алакөл ойысындағы тау.

Географиялық орны Абай облысы Мақаншы ауданы жерінде. Таудың солтүстік-батысында Қосайшағыл қонысы мен Бармаққұм құмы, солтүстігінде Арқарлы тауы орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1114 м. Арасантау батыстан солтүстік-шығысқа қарай созылған.

Жер бедері Таудың беткейі жайпақ келген. Солтүстігінен Шағантоғай, оңтүстігінен Тасты өзендері ағып өтеді.

Өсімдігі Баурайындағы сұр қоңыр және шалғынды қоңыр топырағында эфемерлі сұр жусан, баялыш, күйреуік, бұталы шөптесіндер өседі.Қазақ энциклопедиясы I том

Дереккөздер

Санат:Мақаншы ауданы таулары