Арыс-Түркістан каналы – Түркістан облысының Ордабасы ауданындағы жер суармалауға арналған канал. 1967 жылы пайдалануға берілген.
Гидрологиялық сипаты Жалпы ұзындығы – 194 км. Канал – Арыс және Түркістан деп аталатын екі тармақтан тұрады. Арыс тармағы Арыс өзеніндегі Қарааспан су бөгетінен басталып, Бөген бөгеніне құяды. Ұзындығы – 51 км. Секундына 15 м3-ге жуық су өткізеді. Түркістан тармағы Бөген бөгенінен басталады. Ұзындығы – 145 км-ге жуық. Түркістан қаласының, Отырар, Ордабасы аудандарының 57 мың га-дан астам жерін суландырады. Жағасында Майарық, Ермоловка, Қаражантақ, Сыпатаев, Төрткөл, Ескі Иқан ауылдары орналамқан.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шаруашылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Дереккөздер
Санат:Түркістан облысы каналдары Санат:Сырдария су алабы