Ащымиір – Шалқартеңіз көлі алабындағы өзен.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 118 км, су жиналатын алабы 2150 км2.
Бастауы Ұлытаудың оңтүстік-батыс беткейінен басталады. Ащымиір батысқа қарай Байқоңыр, Қалмаққырылған өзендерімен қатар ағып, құмды өңірде Ақмола ауылының оңтүстік-батысында 18 км жерде қарасуларға бөлініп қалады.
Гидрологиясы Алабында жалпы ұзындығы 97 км шағын 29 саласы бар. Аңғарының ені 1,0 – 1,2 км, сағасында аңғары байқалмайды. Екі жағында жайылмасы бар, арнасы жарқабақты. Көбіне қар еріген кезде суы молаяды. Көп жылдық орташа су шығымы сағасында 0,30 м3/с. Жылдық ағымының мөлш. 9,5 млн. м3. Мал суаруға пайдаланылады.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы өзендері Санат:Шалқар су алабы