Ащысу бөгені – Ащысу өзенінің бойындағы бөген. Қарағанды – Қарқаралы автомобиль жолынан 4 км жерде, Бұқар жырау ауданында орналасқан. 1984 жылы салынған.
Гидрологиялық сипаты Су айдынының ауданы 670 га, толған кездегі көлемі 20 млн. м3, ұзындығы 9 км, ені 2 км-ге дейін, ең терең жері 15 м, жағалауының ұзындығы 23 км. Суының минералдығы су тасу аяқталған кезде 300 мг/л-ден күзгі және қысқы төмен деңгей кезінде 1 г/л-ге дейін ауытқып отырады. Қарашада суы қатып, сәуірде мұзы ериді. Ащысу бөгенінде мөңке, оңғақ, шортан, алабұға, шабақ тіршілік етеді. Ащысу бөгенінің суы аудандағы шаруашылықтардың жерлерін суландыру үшін пайдаланылады.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Қарағанды облысы гидрографиясы