Әукелбек – Ақмола облысы Атбасар ауданындағы көл. Сарыкемпір өзенінің сағасынан оңтүстік-батысқа қарай 3,5 км, Бала Көкпекті өзенінің сағасынан солтүстікке қарай 5 км жерде, теңіз деңгейінен 316 м биіктікте орналасқан.

Гидрографикасы Аумағы 6,3 км2. Ұзындығы 1,7 км, енді жері 1,1 км. Жағалау сызығының ұзындығы 7,4 км. Көл жағалауы жазық, түбі лайлы. Жауын-шашын, жер асты суларымен толысады. Кей жылдары құрғап қалады. Суы тұщы. Жағалауында бұталар өседі.

Санат:Атбасар ауданы көлдері