Бағатай-беніке – Каспий маңы ойпаты Өліқолтық сорының шығысындағы ойыс.
Географиялық орны Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы жерінде.
Жер бедері, геологиялық құрылымы Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 35 – 38 км-ге созылған, ені 9 – 10 км. Теңіз деңгейінен 57 м төмен жатыр. Олигоцен және төрттік жүйе шөгінділерінен түзілген.
Өсімдігі Сұр және бозғылт сортаң топырағында бұйырғын, тасбұйырғын, жусан басым өскен.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том
Дереккөздер
Санат:Қазақстан ойпаттары Санат:Маңғыстау облысы географиясы