Бақ айқабағы () – сандуғаш тұқымдасына жататын кішкентай құс. Қазақстанның оңтүстік-шығысында кездеседі. Салмағы 10 – 15 г-дай, жоны сарғыш қоңыр түсті келеді. Ылғалды жерлердегі қалың өскен бұталарға, қалақай арасына тостаған тәрізді ұя жасап, құбылмалы реңді 4 – 6 жұмыртқа салады да, оны 13 – 14 күн қоразы мен мекиені кезектесіп басады. Ұсақ жәндіктермен және олардың дернәсілдерімен қоректенеді. Бақ айқабағы – жыл құсы, мамыр айында ұшып келеді, қыркүйекте оңтүстікке ұшып кетеді. Аталықтар ұялау орнына келісімен дереу сайрай бастайды және жұп түзеді. Сөйтіп, аналықтар кешіктірмей, бұтада орналасқан ұяға тебіл түсті 3-6 жұмыртқадан 13 күнде балапандар шығады.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том
Дереккөздер
Санат:Айқабақтар