Балаталдық – Шалқар алабындағы өзен.
Географиялық орны Ақтөбе облысының Хромтау ауданы арқылы өтеді. Ұзындығы 97 км, су жиналатын алабы 1140 км2.
Бастауы Өзен Мұғалжар тауының шығыс беткейінен бастау алып, Талдық өзеніне сол жағынан құяды.
Гидрологиясы Балаталдық жауын-шашын суымен толығады. Жаз айларында суы тартылып, жеке көлшіктерге бөлінеді. Жылдық орташа су ағыны 0,23 м3/с. Суы мал жайылымына, т.б. шаруашылық қажетіне пайдаланылады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;
Дереккөздер
Санат:Хромтау ауданы өзендері Санат:Ырғыз су алабы