Барбастау, Борбастау – Жайық өзенінің сол саласы.

Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының жерімен ағады. Ұзындығы 45 км.

Бастауы Бастауын Федоровка ауылының батысындағы Барбастау қыратынан алады.

Гидрологиясы Арнасы ирелең келген. Жайыққа құяр тұсы көктемде тасып, жайылып кетеді. Ұзындығы 20 км-ден аспайтын 5 саласы бар. Қараша айының ортасында суы қатып, сәуірде мұзы ериді. Суы тұщы. Аңғары шабындыққа пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясыБатыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Жайық су алабы өңірі өзендері Санат:Теректі ауданы өзендері