Бақи Телегенұлы Елғондиев (16.09.1927, Өзбекстан, Мойнақ ауданы, "Урга" балық зауыты) - Жүзу мен қазіргі бессайыстан спорт шебері (1951), ҚазКСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1970).

Өмірбаяны Қазақ дене тәрбиесі институтын 1951 ж. бітіріп, сонда жұмыс істеді. Ұзақ жылдар бойы жүзу кафедрасын басқарды. Доцент (1981) 27 ғылыми еңбектің, кітапшалар мен әдістемелік оқулықтардың авторы. Олардың арасында "Жүзе білесің бе?" оқулығы (1974).

Жетістіктері Жүзуден республиканың бірнеше дүркін чемпионы және экс-рекордсмені (еркін тәсілдермен 800, 1500). Қазіргі бессайыс пен жүзуден бүкілодақтық жарыстарға қатысушы. Грек-рим күресінен (1948) ҚазКСР чемпионы. қазақ күресінен (1952) ҚазКСР чемпионы. КСРО халықтарының 1-спартакиадасының (1956) командалық есептегі жүлдегері.

Марапаттары "Құрмет белгісі" орденімен марапатталған.Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3

Дереккөздер

Санат:16 қыркүйекте туғандар Санат:1927 жылы туғандар Санат:Мойнақ ауданында туғандар Санат:Қазақстан спорт шеберлері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушылары Санат:Жүзуден Қазақстан чемпиондары Санат:Грек-рим күресінен Қазақстан чемпиондары Санат:Қазақ күресінен Қазақстан чемпиондары Санат:Қазақ дене тәрбиесі және спорт институты түлектері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері