Григорий Григорьевич Черкашин (22.11.1921, Ресей, Красноярск өлкесі, Рыбин ауданы Рыбное селосы - 13.11.2006, Ресей, Мәскеу қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, лейтенант, ұшқыш-шабуылшы, звено командирі, кейіннен подполковник.
1937 жылы 7-сыныпты бітіргеннен соң Красноярск қаласында паровоз вагонын жөндейтін зауытта жұмыс істеген. Қолы бос кезде аэроклуб үйірмесіне қатысқан. 1940 жылы Алматы қаласына қоныс аударған. Мұнда ол аэроклубтағы оқуын бітірді. 1941 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, әуе училищесіне жіберілді. 1943 жылы Чкалов әскери авиация мектебін бітіріп, Р-5 және СБ ұшақтарын игерді. Содан кейін Куйбышев қаласындағы (қазіргі Самара) запастағы 1-авиабригадада «Ил-2» штурмдық ұшақты игеріп, 672-авиаполкке келді. Черкашиннің алғашқы ұшу сапары 1943 жылдың 22 қарашасында болды. Ол Украина, Молдова, Румыния, Болгария, Венгрия және Югославияда әуе ұрыстарына қатысты. 1945 жылдың акпан айына дейінгі 175 ұшу сапарында жаудың тірі күштері мен техникасына шабуыл жасап отырды. Черкашин 18 әуе ұрысында болып, жаудың 2 ұшағын құлатты. 1945 жылдың мамыр айына дейін 240 ұшу сапарына шықты.
Неміс басқыншыларына қарсы күресте көрсеткен ерлігі үшін Черкашинге КСРО Жоғарғы Кеңес Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылды (29.6.1945).
1946 жылы бұрынғы полк тарағаннан кейін әуе-десант әскерінде қызметін жалғастырды. 1948 жылы подполковник Черкашин денсаулығына байланысты запасқа шықты.
Қазақстанға келіп, азаматтық авиацияда ұшуын жалғастырды. Ол почта таситын «ПО-2» ұшағын, кейіннен «Ил-2», «Ил-12», «Ил-14» ұшақтарын, ал 1956 жылы алғашқылардың бірі болып «Ту-104» ұшағын жүргізіп, онымен 14 жыл ұшты. 1970 жылы Мәскеуде «Ту-154» ұшағын игерді. Жалпы әуеде Черкашин 23000 сағат болған.
КСРО-ның еңбек сіңірген ұшқышы.
Ленин, 3 рет Қызыл Ту, 2 рет 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
Дереккөздер
Санат:22 қарашада туғандар Санат:1921 жылы туғандар Санат:Рыбин ауданында (Краснояр өлкесі) туғандар Санат:13 қарашада қайтыс болғандар Санат:2006 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:КСРО авиация лейтенанттары Санат:4 дәрежелі Отан алдындағы қызметі үшін орденінің иегерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Қазан төңкерісі орденінің иегерлері Санат:Қызыл Ту орденінің иегерлері Санат:Александр Невский орденінің (КСРО) иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Қажырлы еңбегі үшін медалінің иегерлері Санат:КСРО-ның еңбек сіңірген пилоттары Санат:Ұлы Отан соғысы ұшқыштары Санат:Троекуров зиратында жерленгендер