Безсонов мұздығы – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік-батыс бөлігінде, Қора өзенінің бастауында орналасқан аңғарлық мұздық. Алғаш рет мұздықты 1909 жылы орыс топырақтанушысы А.И. Безсонов зерттеген. 1950 жылы Қазақстан ҒА География секторының экспедициясы мұздыққа топографафиялық түсірім жүргізді, мұздың еруін, қозғалыс процестерін бақылады.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 3902 м, аумағы 12,6 км2, ұзындығы 6 км, көлемі 1,2 м3. Кең ауқымды фирндік (мұзқарлы) алаңнан құралған. Мұздық тілі 2937 м-ге дейін төмен түседі, фирн (мұзқар) сызығы 3420 м-ден өтеді.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Жетісу облысы мұздықтары Санат:Жетісу Алатауы