thumb| alt=A.| Бемит. Бемит – гидрооксидтер тобының минералы. Химиялық формуласы AlOOH. Рентгенометрлік зерттеу әдісімен минералды алғаш ашқан неміс ғалымы И.Бемнің құрметіне осылай аталған. Ромбылық сингонияда кристалданады. Кристалдары – өте жұқа қабыршақ. Түссіз немесе сары реңді, ақ, қаттылығы 3,5 – 4, меншікті салмағы 3 г/см3 шамасында. Экзогендік жағдайда, бокситтер ішіндегі жарықтарда немесе пегматиттерде, сілтілі тау жыныстары арасындағы қуыстарда түзіледі. Алюминий шикізаты (Al2O3) алынатын маңызды минерал. Қазақ Энциклопедиясы Дереккөздер

Санат:Алюминий минералдары