Әбзелхана - әбзелхананың екі түрі болды. Біріншісі, жазда, ерте күзде және көктемде көші-қонда пайдаланатын арнайы киіз үйден жасалған түрі. Екіншісі - қыстаулар мен жатақ ауылда шағын етіп жасалған бастырма түріндегі орынжай. Әбзелхана күнделікті тұрмыста қолданатын әбзелдер мен кұрал-саймандарды сактауға арналған. Бастырма түрінде жасалған орынжайдың төбесі жабық, есігінен басқа жағындағы қабырғалары бітеу болып келеді. Оның ішіне әбзелдерді ілетін және қоятын арнайы сөре, ілгіш, ашабақан, арса, тұғыр орнатылады. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2

Дереккөздер

Санат:Мәдениет Санат:Терминология