Aналас - екі рет тұрмыс құрған әйелден туған балалары. Көшпелі қоғамда әмеңгерлік жолмен, өлген ағасынан қалған жеңгесіне үйленген азаматтың балалары сол ағасының балаларымен аналас болады. Жаугершілік заманда, ұрыс-соғыста кісі көп өлетін болғандықтан, ел ішінде - әмеңгерлік неке жиірек кездескен. «Қатын ерден кетсе де, елден кетпейді» деген мақал әмеңгерлікпен байланысты құқықтық қатынасты аңғартады. Яғни әмеңгерлік неке себебінен қазақ арасындағы туыстықтың бір түрі. Аналастықпен байланысты болып келеді. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Дереккөздер
Санат:Мәдениет Санат:Терминология