Екібастұз қаласы – Павлодар облысының жас қаласы. Көмір өндіруден Қазақстан Республикасында бірінші орында.

Кен орнын игеру және соған байланысты қала салу тек 1948 жылы басталды. Тұрғынының саны 1959 жылға қарай 25,7 мыңға дейін өсіп, 1969 жылдың басында 50 мыңдай адам болды.

Кен орнының маңайында қоныстандырудың екі жолы, біріншісі қаланы жұмысшыларды 30 км. қашықтықтан тасымалдайтындай етіп салу, екінші елді мекендерді топтастыру қарастырылды. Негізге бір қала салу жөнінде қала құрылысы шешімі алынды, кейін құрылысшылар мен көміәршілердің өміріне жағдай тудыруды қамтамасыз еткен дұрыс шешім тәжірибе көрсетті.

Қаланың орнына үйінділер мен разрездердің жел жағынан көмірі жоқ жер таңдалды. Бас жоспарда тұрғын үйлерді солтүстіктен оңтүстікке қарай салу, массивіне таға бенелес гүлзарлардың кең үйлесімді жасыл желегін орнату көзделген.

Шығысында өнеркәсіп аймағы, одан әрі кен орны, солтүстігінде темір магистралі, ал оңтүстігінде ТЭЦ пен басқа кәсіпорындар. Осы бас жоспар бойынша құрылыс бірнеше орында басталды, оларды бір массивке біріктіруге едәуір уақыт кетті. Энергетиктердің мәдениет сарайы (сәулеткер Ж.К. Хайдаров, инж. Е.Д. Сыздықов), стадион (сәулеткер А.А. Никитин, инж. А.П. Вибе), спорт кешені (сәулеткер Ж.К. Хайдаров, инж. Жанабеков) сияқты ғимараттар қаланың көркіне айналды.

1969 (Карагандаоблпроект, сәулеткер Ф.А. Гулиев, инж. Е.С. Лобач, В.А. Карамышев) және 1978 (Казгипроград сәулеткер Н.В. Боброва, инж. Э.А. Меркулова) жылдардағы қаланың бас жоспарларында құрылыс аудандарын біріктіру, гүлзарларға байланысты аудандар мен қала орталығының жүйесі, құрылыс ішінде парк салу, біршама алысырақ орналасқан Екібастұз ГРЭС еңбекшілерінің қоныстануын ескере отырып, біртұтас қала шығару көзделген.

Еңбекшілерді көмір разрездері мен ГРЭС-тегі жекелеген жұмыс орындарына тасымалдау жөнінде қабылданған көліктік нобай ірі өнеркәсіп орталығы ретінде қала үшін ерекше маңызды, тасымалдың негізгі бөлігі темір жол көлігінің үлесінде. Қалада солтүстік, шығыс және батыс бөліктерінде бірнеше жолаушыларды отырғызатын темір жол платформаларына апаратын қысқа жол көрсетілген нақты тік бұрышты тор бар.

Қазір қаланың созылып жатқан шығыс бөлігі, солтүстік вокзал маңы және оңтүстік бөлігі салынып бітті. Кеншілердің мәдениет үйі мен бірқатар қоғамдық және мәдени-тұрмыстық ғимараттары бар солтүстік-шығыс шетінде қалыптасқан орталық келешекте аудандық мәнде қалады да, жаңа қалалық орталық қазіргіден оңтүстік-батысқа қарай Мәдениет паркі бағытында тұрғын үй құрылысы массивінде орналасады. Қалада төрт, бес, тоғыз қабатты тұрғын үйлер бар.

Санитарлық-қорғаныс жасыл жолағы мен қалалық питомник салынған. Қаланың солтүстік-батысындағы Екібастұз су қоймасы ішінара еңбекшілердің демалыс орны ретінде пайдаланылады. Сілтемелер С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті