Бөріктал, Талдыбұйрат – Есіл алабындағы Тастыталды өзенінің оң саласы.

Географиялық орны Ақмола облысы Жарқайың ауданы жерімен ағады.

Гидрологиясы Ұзындығы 50 км. Су жиналатын алабы 730 км2. Қар суымен толығады. Өзен наурыз – сәуірде 15 – 25 күндей тасиды. Жылдық орташа су ағымы 0,50 м3/с. Қараша айының басында қатып, сәуірдің аяғында мұзы ериді. Суы шаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Жарқайың ауданы өзендері Санат:Есіл су алабы