Введенский қасқыржемі () – қасқыржемдер тұқымдасының қасқыржем туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның тек қана оңтүстігінде, Әлімтау тауының беткейлеріндегі қызыл балшықты жерлерінде өседі. Биіктігі 30 – 60 см. Тік сабағына имектеліп келген жай бұтақтары орналасады. Көкшіл сұр түсті. Гүлдері бұтақ түбіне орналасқан. Гүлтұғырының ұзындығы 8 мм-дей. Тұқымынан және вегетативті (өсімді) жолмен көбейеді. Сәуір айында гүлдеп, шілдеде жеміс салады. Жидегі домалақ, ақшыл түсті. Введенский қасқыржемі өте сирек кездесетін эндемик болғандықтан Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Қазақ Энциклопедиясы Дереккөздер
Санат:Қасқыржемдер Санат:Қазақстан табиғаты