Гүлсары – Павлодар облысы Баянауыл ауданы Саумалкөл көлінің батысында 18 км жердегі тау.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 500 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 4 км-ге, енді жері 2 км-ге созылып жатыр. Таудың оңтүстік беткейі тіктеу, қалған бөліктері жайпақ келген оқшауланған тау массивінен тұрады. Шығысынан Бала Шідерті өзені ағып өтіп, Ертіс-Қарағанды каналындағы №8 Гидроторабы суқоймасына құяды.
Өсімдігі Қызғылт топырағында сұлыбас, боз, селеу, қозығұрт, қылқұрт, бұталар өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Баянауыл ауданы таулары