Данабике – Тобыл мен Торғай өзендерінің алабындағы өзен. Жарман өзенінің саласы.

Географиялық орны Қостанай облысы Науырзым ауданы Наурызым қорығының солтүстік-батыс бөлігінен ағып өтеді. Сарымойын көліне құяды.

Гидрологиясы Ұзындығы 58 км, су жиналатын алабы 1400 шаршы шақырым шамасында, жылдық су ағымы 10 млн. м3, минералдығы 0,2-2 г/дм3. Өзеннің жағалауында су жайылмасы бар, ені 50-100 м. Арнасының ені 70 м-ге дейін, жағасы жайпақ. Қар және жер асты суларымен толығады. Сәуірде тасып, шілдеде төменгі деңгей орнайды. Кішігірім салалары бар. Өзен алабында жайылымдық және шабындық жерлер бар, мал қыстатылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Науырзым ауданы өзендері Санат:Торғай су алабы