‎ Дәнел , альдрованда (Аldrovanda) – шықшөптер тұқымдасына жататын жәндікқоректі су өсімдіктер туысы. Еуразияның, Австралияның, Африканың тұщы суларында өсетін 1 түрі бар. Қазақстанда өзен-көл бетінде қалқып жүретін 1 түрі – бүршікті дәнел (А. vesіculosa) бар. Биіктігі 5 – 10 см, тамырсыз жіп тәрізді сабақтары су бетінде қалқып жүреді. Жапырақтары 7 – 9-дан шоғырланып, жалпақ сағағының ұшында ұзын біз тәрізді болып жетіледі. Гүлдері ұсақ ақ түсті, жәндіктермен тозаңданады. Негізінен қыстап қалған бүрлері арқылы көбейеді. Ол бүрлерді су құстары таратады. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – қақырап ашылатын қорапша. Тұқымы ұсақ, өте көпҚазақ энциклопедиясы.

Дереккөздер

Санат:Шықшөптер