‎Долерит(грек. doleros—алдамшы)— базальт пен габброның аралыгындағы, микрогабброға сәйкес келетін гипабиссал және эффузиялық тау жынысы. Қүрамы — негізді плагиоклаз (35—70%) бен пироксеннен (15—55%) тұрады. Шамалы мөлшерде оливин, горнбленд, биотит, кварц болуы мүмкін. Акцессор минералдар:титанмагнетит, ильменит, пирит, апатит, сфен, рутил, циркон. Түсі — сұрдан қараға дейін, кейде қоңырлау, жасылдау. Бітімі — шомбал, бадамшатасты, бағдарлы. Құрылымы — офиттік, ұсақ түйірліден (микродолерит) ірі түйірліге дейін (габбродолерит). Долерит негізінен платформаларға тон, силдар, сығылмалар, штоктар, қат сияқты денелер құрайды. Долеритпен никельдің, мыстың кендері кездеседі. Долерит диабаз бен микрогабброның синонимі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Қүсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" Ж А Қ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 Дереккөздер

Санат:Тау жыныстары