Егібай – Мыржық жотасының оңтүстік бөлігіндегі тау.
Географиялық орны Абай облысы Жаңасемей ауданында орналасқан.
Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 970 м. Түпкі жыныстары жалаңаштанған, жыра-сайлармен тілімденген батыс және шығыс беткейлері жатағандау келеді.
Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырағында жусан, боз, селеу, қозықұлақ, қылқұрт, бұталар өседі. Шоқыаралық ойыстарында шалғын өседі, бұлақ көп, сортаңдар ұшырасады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жаңасемей ауданы таулары