Абай асуы – Іле Алатауындағы Кіші Алматы сілемінің Азутас жалынан өтетін асу.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 3650 м. Кіші Алматы шатқалының орталық бөлігін Богданович мұздығымен жалғастырады. Асу жолы Медеу шатқалынан басталады да, Тұйықсу қақпасын, одан әрі шыршалы орманды, Шайтан шатқалын басып өтеді. Түйықсу қақпасы (ені 250 м) метеостанциясына дейін автомобиль жолы, одан әрі Шайтан шатқалы арқылы өтетін жаяу жол бар. Асудың бастапқы тастақты кезеңі ескі мореналық жол үстімен, қорымтасты қарлы беткеймен өтеді. Арғы түсер беті қорымтасты келеді. Ұлы ақын, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбайұлының құрметіне осылай аталған. Абай асуы жеңіл асулар қатарына жатады.Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3 Асу 1932 жылдан Абай Құнанбайұлының есімімен аталады.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9

Дереккөздер

Санат:Алматы облысы асулары Санат:Іле Алатауы