Формальдегид ( - құмырсқа), халықаралық уағыздалатын аты - метаналь, ескіше - құмырсқа алдегиды. Екінші кластағы аса қауіпті түссіз газ. Формальдегид негізінен көлік газдарынан тарайды.Тағамдық қоспа сияқты регистрацияланған. (CH2=O) — газсынды өткір иісті түссіз зат , гомологиялық қатардың алифатикалық альдегидтер болатын алғашқы мүшесі. Формальдегидтің 40%-тік ерітіндісін формалин деп атайды.
Алу әдістері Формальдегидті бірінші рет 1859 жылы А. М. Бутлер синтездеді.Қазіргі уақытта формальдегидті 3 амалмен алады:
Күміс кристаллдарын көп су буы және метанол бр жерде тотығу және дегидратациялау; Кристаллдық күміс пен күміс торын тотығу және дегидратациялау; Көп металл бар ауаны тотығу.
Қолданылуы Формалин дезинфекциялағыш зат ретінде кеңінен қолданылады. Құмырсқа альдегиді фенолформальдегид шайырын, карбамидті шайыр, органикалық бояулар, қопарылғыш заттар, лактар алуда қолданылады. Формальдегид нәруызды ұйыту қасиетіне байланысты анатомиялық препараттарды консервациялауға, дезинфекциялауға, дәрі-дәрмек алуға және тері илеу өндірісінде, егін егу алдында дән тұқымдарын өңдеуде пайдаланылады.
Қауіпі Осы газ адамның тыныс алу жолдарына, көзге және теріге аса зиян. Және адамның жүйке жүйесін зақымдайды. Егер оның мөлшері ауадағы зиянды заттардың қауіпсіз мөлшерінен неше жүз есеге асып кетсе, барлық тірі жанды құртып жіберуі ғажап емес дейді мамандар.
Санат:Альдегидтер Санат:Метан туындылары