Агрономиялық кендер"Қазақ Энциклопедиясы", кентастар – минералдық тыңайтқыштар алынатын шикізат (құрамында фосфор, калий, азот, т.б. элементтер бар) немесе өңделмеген күйінде қолданылатын тау жыныстары мен минералдық түзілімдер.
Фосфорлы Агрономиялық кендерге апатит пен фосфорит жатады. Фосфорлы жыныстарға апатит пен фосфорит жатады.Апатит Ақмола /Көкшетау /обл. жер қойнауында кездесетін /оливинді , пироксенді /жыныстармен,Қостанай облысындағы Соколов-Сарыбай ,Қашар кендерінің магнетит рудаларымен байланысты. Фосфориттер Қаратау, Ақтөбе фосфоритті бассейндерінде ,Шыңғыс жотасының оңт.-шығыс бөлігінде ,Маңғыстауда шоғырланған. Алюминий мен фосфор алынатын комплексті шикізат саналатын алюмофосфат кендері ,Қарағанды/Жезқазған/ облысында,калийлі-магнийлі,магнийлі тыңайтқыштар өндіруге жарамды калий тұздары Каспий маңы ойысында, Атырау,Батыс Қазақстан,Ақтөбе облыстарындағы тұз күмбездерінің дөңесті бөліктерінде,тұзды көлдердің тұнбаларында орналасқан. Азот тыңайтқыштарын өндіруге Оңтүстік Қазақстаннан табылған табиғи селитра пайдаланылады. Агрономиялық кендерге қышқыл топырақты бейтарап таушылар /бор,ізбестас, доломит/,эрозияны баяулатқыштар/ саз ,мергель, битум, бентонит/, а.ш.зиянкестеріне қарсы қолданылатын улы дәрілердің құраушылары /мышьяктың ,барийдің, фтордың, күкірттің минералдары/ ретінде қолданылатын тау жыныстары мен минералдар да жатады.А7-Ақтөбе:Энциклопедия-Ақтөбе. «Отандастар-Полиграфия»ЖШС, 2001.-748 бет. Апатит Көкшетау өңірінің жер қойнауындағы жыныстарда, Қостанай облысындағы Соколов – Сарыбай, Қашар кендерінің магнетит кендерінде кездеседі.
Фосфориттің аса ірі кендері Қаратау, Ақтөбе фосфоритті алаптарында шоғырланған. Калий тыңайтқыштары алынатын Агрономиялық кендер калий тұздары кендері. Азот тыңайтқыштары алынатын Агрономиялық кендер – калий мен натрий селитрі, сапропелит. Магнийлі, калий-магнийлі тыңайтқыштар өндірілетін Агрономиялық кендер сульфаттар мен хлоридтер. Соңғылары Атырау облысындағы Индер, Ақтөбе облысындағы Шалқар, тағы басқа көлдерде көп ұшырасады. Өсімдіктердің өсуі мен дамуына өте керекті микротыңайтқыштарды өндіруге мыстың, бордың, марганецтің, мырыштың, молибденнің тікелей өндіріске жарамсыз кентастары мен өндіріс қалдықтары да пайдаланылады.
Дереккөздер
Санат:Кен орындар