Адам өтпес шалбар – Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданындағы түбек. Қаракешудің Қайдақ сорымен жалғасқан тұсының солтүстігінде 5 км жерде орналасқан.
Сипаты Теңіз тартылғаннан кейін Бозащы түбегімен бірігіп кеткен."Қазақ Энциклопедиясы" Соңғы 10 – 15 жыл ішінде Каспий теңізі суының көтерілуіне байланысты түбек жартылай су астында қалған. Шетіндегі биіктеу жерде 1830 жылдың орта кезінде үйілген топографиялық белгі орны сақталған. Бедері тегіс.
Өсімдігі Өсімдігі негізінен сораң шөптерден тұрады. Біраз жерінде сексеуіл өскен. Топырағы сор борпылдақ.
Дереккөздер
Санат:Маңғыстау облысы географиясы Санат:Каспий теңізі түбектері Санат:Қазақстан түбектері