Арматура- негізгі жабдықталу құрамына кірмейтін, бірақ оның жұмыс орындаутын қамтамасыз ететін тетіктер мен құрылыстар; темір бетон құрылғыдағы қаңқалар және езектер.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
Арматура (латынша: аrmatura — құралдандыру, жабдықтандыру) — машиналардың, құралымдардың және ғимараттардың негізгі бөлігінің құрамына енбейтін, бірақ олардың дұрыс жұмысын қамтамасыз ететін қосалқы (әдетте бір қалыпты) құрылғылар мен бөлшектер жиынтығы. Арматура қолдану мақсатына қарай: құбыр өткізгішті арматура, электр машинасын жасаудағы арматура, электр жүйелеріндегі арматура, электр қуатын жеткізу желілеріндегі арматура, жарық техникасындағы арматура, металлургия пештеріндегі арматура, құрылыс арматурасы болып бөлінеді.Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2
Құбыр Арматурасы су, бу, газ және жанармай жүретін құбырларда, сондай-ақ химиялық, тамақ т.б. өнімдер қайта өңделетін өнеркәсіптерде;
электр машиналарын жасаудағы Арматура электр машиналарының ток жеткізуші және қосалқы бөлшектерінде;
электр жүйелеріндегі Арматура қалқандарда, патрондарда, ажыратып-қосқыштарда т.б.;
электр қуатын жеткізу желілеріндегі Арматура оқшаулағыштарды бағанаға, ал сымдарды оқшаулағыштарға бекітуге арналған бөлшектер мен тетіктер құрамында;
жарық техникасындағы Арматура жарық ағынын реттеуге және көзді өткір жарық сәулесінен қорғауға, электр тогын жеткізуге, электр шамдарын бекітуге және оларды сынып қалудан сақтауға арналған жарық беретін құрылғылардың бөлшектері құрамында;
металлургия пештеріндегі Арматура пештің ыстыққа төзімділігін арттыруға және оның сыртқы бетін салқындатуға қажетті металл бөлшектері құрамында;Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0
құрылыс Арматурасы құралымды күшейту үшін темір бетонда өзек, сым, каркас, тор т.б. түрінде қолданылады.
Ол әр түрлі пішінде жасалады . Арматуралық металл ретінде көміртекпен аз легирленген болат пайдаланылады. Қазақстанда Арматура Қарағандыда, Теміртауда, Павлодарда шығарылады.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2007 жыл.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0 Дереккөздер
Санат:Құрылыс материалдары