Петр Данилович Дутов (6 тамыз 1916, Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шаған ауылы - 16 қараша 1941, Ресей, Мәскеу облысы, Волоколам ауданы, Дубосеково темір жол айырмасы) — 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы жауынгер.

Өмірбаяны Дутов соғысқа дейін eгic бригадасында есепші болып жұмыс істеген. 1937 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, Қиыр Шығыста әскери борышын өтеді. 1939 жылы әскер қатарынан босап, туған ауылына оралды.

Ұлы Отан соғысының алғашқы күндері Дутов үш аға-інісімен бірге майданға аттанды. 1075- атқыштар полкінің (Батыс майдан, 16-армия, 316-атқыштар дивизиясы) қатардағы жауынгері Дутов 1941 жылы 16 қарашада Мәскеу облысы Волоколам ауданы Дубосеково темір жол айырмасында танкіге қарсы шайқасатын топтың құрамында (саяси жетекші В.Г.Клочков бастаған) жаудың бірнеше шабуылына тойтарыс беруге және 18 танкісін жоюға қатысты. Осы шайқаста Дутов ерлікпен қаза тапты. Волоколам ауданының Нелидово деревнясындағы бауырластар зиратына жерленді. Бұл ерлік 28 батыр-панфиловшылар ерлігі деген атпен тарихқа енді.

Естелік пен марапаттары КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Дутовқа Кеңес Одағының Батыры атағы, Ленин ордені және «Алтын Жұлдыз» медалі берілді (21.7.1942)Указ Президиума Верховного Совета СССР «О присвоении звания Героя Советского Союза начальствующему и рядовому составу Красной Армии» от 21 июля 1942 года // Ведомости Верховного Совета Союза Советских Социалистических Республик : газета. — 1942. — 23 июля (№ 28 (187)). — С. 1..

Олардың құрметіне Мәскеу қаласының Северное Тушино ауданындағы бір көшеге Батыр-панфиловшылар есімі беріліп, онда мемориал тақта орнатылған. 1975 жылы Дубосековода мемориал, Нелидово деревнясында (Дубосеково темір жол айырмасынан 1,5 шақырым жерде) батыр-панфиловшыларға ескерткіш орнатылып, мұражай ашылды. Алматы қаласында 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ және монумент қойылған. Туған ауылында көшеге және мектепке есімі беріліп, мектеп ауласында Дутовқа бюст орнатылған.А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х

Дереккөздер

Санат:Панфиловшылар