Аталай Бесим (Atalay Besіm) (1882 — 1965) — түрік тілінің белгілі маманы, қоғам қайраткері.
Түркияда ұлт-азаттық қозғалысы басталысымен А. саяси өмірге араласады. 1932 — 51 ж. “Түрік тілі қоғамы” басқармасында жауапты қызмет атқарады. 1937 — 42 ж. Анкара ун-тінде парсы тілінің маманы, профессор. А. — тарих, география, тіл әдебиет және дін туралы көптеген зерттеулердің авторы. Оның есімін әлемге танымал еткен — Махмуд Қашқаридің әйгілі “Диуани луғат ат-түрк” сөздігінің түрікше аудармасы (1939 — 43). А. Б. түрік тілінің 1530 ж. Бергамалы Кадри жазған ең көне грамматикасын (1946), қыпшақ, шағатай тілдерінің бірнеше ескерткішін бастырып шығарды. Араб-парсы тілінен көптеген аударма жасаған. Құранның А. аударған түрікшесі 2 рет басылды. 1920 жылдан бастап бірнеше мәрте Түркия парламентінің (ұлт мәжілісінің) депутаты болып сайланды. Дереккөздер
Санат:Түркия қоғам қайраткерлері Санат:1882 жылы туғандар Санат:1965 жылы қайтыс болғандар