Григорий Селиверстович Окунев (25.3.1923 жылы туған, Семей қаласы - 22.04.2002, Владикавказ) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, кіші сержант, зеңбірек нысанашысы.

Мектептің 7-сыныбын бітіргеннен кейін Чешен-Ингуш Республикасына қоныс аударған. Онда ол Назран ауданындағы Кантышево селосында трактор жүргізушісі болып жұмыс істеді. Кеңес әскері катарына 1942 жылдың тамызында шақырылды. Ол 388-атқыштар дивизиясының 966-артиллериялық полкінде 76-мм-лік зеңбіректің нысанашысы болып ұрыстарға қатысты. 1943 жылдың казанында басқыншылардан Солтүстік Кавказды азат ету кезінде ерлік көрсетті. Молдавский, Прохладный және Белый елді мекендері маңында Окунев және оның жолдастары жаудың екі атыс ұясын, екі пулеметін және екі миномет батареясын жойды. 1943 жылдың 20 қарашасында Керчь қаласына шабуыл кезінде нысанашы Окунев батылдығы мен ұрыстағы қимылы бағаланып «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. 1943 жылдың 4-5 желтоқсанында оның зеңбірегі жаудың бір станокты және 3 қол пулеметін, 2 миномет батареясын жойып, бір взводқа жуық әскерін жайратты. Осы ұрыс үшін Окуневке «Қызыл Жұлдыз» ордені тапсырылды.

1944 жылы Қырым түбегіндегі операцияға қатысқаны үшін Окунев 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды. 1945 жылы Окунев Польша жеріндегі ұрыстарға қатысты. 1945 жылдың 23 қаңтарында Окунев өз расчетімен Калиш қаласы маңында шегініп бара жатқан жау әскерлерінің жолын бөгеп, жаяу әскерлерімен қоса 8 автокөлігін жойды. Блашки елді мекені маңындағы шайқаста жасаған ерлігі мен батылдығы үшін Окуневке КСРО Жоғарғы Кеңесі Торалқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (31.5.1945).

Окунев 1947 жылы запасқа шықты.

Соғыстан кейін Орджоникидзе қаласында (Солтүстік Осетия Республикасы) тұрды.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х

Дереккөздер

Санат:25 наурызда туғандар Санат:1923 жылы туғандар Санат:Семейде туғандар Санат:22 сәуірде қайтыс болғандар Санат:2002 жылы қайтыс болғандар Санат:Владикавказда қайтыс болғандар Санат:Ұлы Отан соғысы артиллеристері Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:КСРО кіші сержанттары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Ерлігі үшін медалінің иегерлері (КСРО) Санат:Даңқ Аллеясында (Владикавказ) жерленгендер