Ахмет Хамди Танпынар ( 23 маусым 1901, Ыстамбұл — 24 қаңтар 1962, Ыстамбұл) — түрік жазушысы, ақын, әдебиет зерттеуші. Анадолыдағы Сұлтани лицейін (1918), Стамбұл университетін бітірген (1923). Алғашында әртүрлі лицейлерде, Анкара, Гази білім өнер академиясында әдебиет, өнер тарихы, эстетика және мифология пәндерінен сабақ берді. Ыстамбұл университеті профессоры (1939), Ұлттық білім министрлігінде инспектор қызметтерін атқарған (1946). 1942 жылы Түркияның Ұлттық мәжілісі депутаты болып сайланды. Ахмет Хамди Танпынар жаңа түрік әдебиетінің поэзия, проза, әдебиет тарихын зерттеу саласында көп еңбек етті. Ол әдебиеттің барлық жанрларында мол мұра қалдырды. Көркем шығармаларында бүкіл адамзат дүниесін жеке адамның қайғысы мен қуанышын сипаттау арқылы ашады.

Шығармашылығы Прозалары “Абдуллах әпендінің түстері” (1949) "Үй иесі" “Жаз жаңбыры” (1955) "Аджибадем кварталындағы сарай" "Адам ата мен Хауа ана"

Романдары “Құзыр” (1961) “Сахна сыртындағылар” (1973)

Әдебиет тарихы “XIX ғасырдағы Түрік әдебиеті тарихы” (1949) “Иахия Кемал” (1962)

Ахмет Хамди Танпынар — жаңа түрік әдебиетінің дамуына, оның зерттелуіне зор ықпал тигізген.Jenі Tьrk Ansіklopedіsі, Цtьken, 10. cіlt, İstambul, 1985; Zeynep Kerman. Edіbіyat Ьzerіne Makaleler, Ankara, 1969.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том

Дереккөздер

Санат:Түркия жазушылары