Серік Жексембекұлы Еркімбеков (3.4.1958 жылы туған, Алматы) — композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1996).

Алматы консерваториясын бітірген (1981). Қазақстан Композиторлар одағында кеңесші, аға кеңесші, шығармалық секциясының меңгерушісі болып қызметтер атқарған. 1998 жылдан Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрағасы, Алматы консерваториясында кафедра меңгерушісі. Шығармашылығы

“Мәңгілік алау” балетінің оркестр мен фортепианоға арналған концерттің органға арналған “Шығыс аспаны” музыкасының скрипкашылар мен фортепианоға арналған концерттік дуэттің “Шолпы”, “Тас аруақ” хореогр. билерінің “Жұлдыздар аңыздары” аспаптық сюитасының бірқатар романстар мен әндердің авторы. “Дананың мұңы” (Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған; 1995; режиссер Б.Преображенский) “Заманақыр” (авторы О.Сүлейменов, Б.Мұқай; режиссер Р.Сейтметов) “Анасын аңсаған қыз” (авторы Д.Исабеков) “Миғұла терісі үстіндегі сот” (авт. М.Шаханов, Ш.Айтматов), т.б. спектакльдерге “Андрей Первозванныйдың ордені” (режиссер А.Головинский, 2000) фильміне музыкалар жазған.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:3 сәуірде туғандар Санат:1958 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Қазақстан сазгерлері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері