Базарғали Әжиұлы Жаманбаев (9 қаңтар 1942 жыл, Ақтөбе қаласының Ақжар кенті) — қазақстандық және кеңестік дирижері, хормейстер, профессор. Қазақстанның халық әртісі. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері. Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры.
Өмірбаяны Н.А. Римский-Корсаков атындағы Ленинград мемлекеттік консерваториясының хор дирижері факультетін бітірген (1966), хор дирижері. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры (1985 жылдан). 1977-1978 жылдары - А.Я. Найденов жетекшілік жасайтын София операсының машықтанушысы (Болгария). 1985 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы хор дирижері кафедрасының меңгерушісі. 1996 жылдан - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының бас хормейстері. 2008 жылдан бері - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жас солистер мен дирижерлері жетекшісі.
Марапаттары Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты; 1980 «Қазақ КСРның Еңбек сіңірген өнер қайраткері» құрметті атағы; 1990 жылы «Қазақстанның халық әртісі» (Қазақ КСР) құрметті атағы; 2001 жылы ҚР тұңғыш президентінің мәдениет пен өнер саласындағы Мемлекеттік степендиясының иегері; 2006 жылы «Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы»ның лауреаты; 2004 жылы «Құрмет ордені» «Достық ордені»мен марапатталған. Қазақстан Республикасының Білім беру саласының құрметті қызыметкері. 2016 жылғы ҚР тұңғыш президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.
Отбасы Әкесі - Жаманбаев Әжі, марқұм, ҰОС қатысқан. Анасы - Жаманбаева Балжан, марқұм. Үйленген. Жұбайы - Раушан Байсейітова (1947 ж.т.), ҚР Халық әртісі, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі. Ұлы - Жаманбаев Олжас (1974 ж.т.), бизнесмен. Немерелері - Жаманбаева Кәмила, А.Я. Ваганова атындағы Би академиясының оқушысы (Санкт-Петербург); Жаманбаев Амилан.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:9 қаңтарда туғандар Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессорлары Санат:Қазақстан дирижерлері Санат:Қазақ КСР-інің халық әртістері Санат:Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкерлері Санат:Қазақстан хор дирижерлері