thumb|right|200px| Жаңа Каледония () — Тынық мұхиттың оңтүстік-батысында, Меланезия топаралдарының құрамындағы арал. 1946 жылдан Францияның иелігінде. Ауданы 19,0 мың км². Тұрғыны 180 мың адам.
Құрамында Жаңа Каледония (16,7 мың км²), Луайоте, т.б. аралдар бар.
Биік шалғынды өсімдіктер, сирек ормандар, жоғары белдемде шырша тұқымдас ағаштардан тұратын ормандар өскен. Қойнауынан темір, никель кентастары өндіріледі.
Тұрғындары жер өңдеу (тропик. жемістер), балық аулаумен айналысады.
Әкімшілік орталығы — Нумеа қаласы.
Тарихы Ағылшын теңіз саяхатшысы Джеймс Кук ашқан (1774). Атауы Шотландияның көне атауымен қойылған.
Халқы
Санат:Жаңа Каледония Санат:Аустралия және Океания топаралдары Санат:Қарсылық (француздық) медалімен марапатталған аумақтар