Жартас — Қарағанды облысы Абай ауданындағы ауыл, Қарағанды ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Абай қаласынан солтүстік-батысқа қарай 11 км-дей жерде, Шерубайнұра өзені жағалауындағы бетегелі-қылқан, боз өскен сортаңдау қызыл қоңыр топырақты қуаң дала белдемінде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1497 1483 1532 103,3 720 772 107,2 763 760 99,6

Тарихы Іргесі 1961 жылы асыл тұқымды мал өсіретін кеңшардың құрылуына байланысты қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан акционерлік қоғам жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Ауылда орта мектеп, учаскелік аурухана, клуб, кітапхана, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Абай ауданы (Қарағанды облысы) елді мекендері