Көлемдік қатынастар заңы – әрекеттесуші газдардың көлемдерінің бір-біріне және олардың әрқайсысының реакция нәтижесінде түзілген газ тәрізді өнімдердің көлемдеріне қатынасы кіші бүтін сандар қатынасындай болатындығын сипаттайды.

Көлемдік қатынастар заңын 1808 ж. француз ғалымы Гей-Люссак (1778 – 1850) ашқан.

Газдардың көлемдік қатынас заңы келесідей тұжырымдалады:Химия Усманова М. 8 класс. 56 бетӘрекеттесуші және реакциядан шығатын газдардың көлемдерінің қатынасы бірдей жағдайда кішкентай бүтін сандардың қатынасындай болады. Мысалы: H2 +Cl2=2HCl

Бұл реакцияда газдардыӊ көлемдік қатынасы болады.

Бұл заң, біріншіден, молекулалардан да кіші бөлшектердің бар екендігіне көз жеткізсе, екіншіден, Авогадро заңының ашылуына себепкер болды. “Қазақ энциклопедиясы” , 5 том

Дереккөздер