Сара Ыдырысқызы Көшербаева (1933 жылы 6 ақпанда Алматы - 1999 жылы 24 қаңтарда Алматы) — қазақ балет өнерінің шебері. балет әртісі, педагог, профессор. Қазақ ССРнің халық артисі (1966). Қазақ ССРнің еңбегі сіңген артисі (1958). Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
Толығырақ Сара Ыдырысқызы Көшербаева 1933 жылы 6 ақпанда Алматыда дүниеге келген. 1952 жылы Алматы хореография училищесін Қазақ ССРнің халық артисі, профессор А.В. Селезневтің класы бойынша бітірген. 1954 жылы Санкт-Петербургтің орыс балет академиясының мамандығын жетілдіру класын (В.С. Костровицкой, Н.А. Камкованың класы бойынша) бітірді. 1954 жыл - 1975 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының соло - бишісі. 1975 - 1986 жылдары Алматы хореографиялық училищесінің директоры әрі педагогі болды. 1973 жылдан өмірінің соңына дейін Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жаттықтырушы педагогы болды. 1999 жылы 24 қаңтарда Алматыда көз жұмды.
Шығармашылығы thumb|right|200px
1955 жылы алғаш рет Р.М. Глиэрдің “Мыс салт атты” балетінде Параша партиясын биледі. Сара Ыдырысқызының билеген партиялары: Раймонда (А.К. Глазуновтың осы аттас балетінде), Одетта-Одиллия, Аврора (П.И. Чайковскийдің “Аққу көлі” мен “Ұйқыдағы аруында”), Сүйімбике (Ф.З. Яруллиннің “Шуралесінде”), Китри, Никия (Л.Ф. Минкустың “Дон Кихоты” мен “Баядеркасында”), Мария (Б.В. Асафьевтің “Бақшасарай фонтанында”), Назым (В.В. Великановтың “Қамбар – Назымында”), Жизель (А.Ш. Аданның осы аттас балетінде), Шырын (А.Д. Меликовтың “Махаббат жайлы аңызында”), Баян (Е.Г. Брусиловскийдің “Қозы Көрпеш – Баян сұлуында” ), Эгина (А.И. Хачатурянның “Спартагында”). Сондай-ақ Н.А. Тілендиев, Л.Б. Степанов пен Е.В. Манаевтың “Достық жолымен” (Құралай), Ғ.А. Жұбанованың “Хиросима” (Судзи), М.Р. Раухвергердің “Шолпан” (Шолпан), Қ.Х. Қожамияровтың “Чин-Томур” (Махтум) атты балеттерінде басты партияларды орындады. Бишілік өнері әсем де мәнерлі қимылымен, үздік би техникасымен ерекшеленеді. Жеке концерттік нөмірлерге де (биін қоюшылар – Қазақ КСР-інің халық артистері З.М. Райбаев пен Б.Ғ.Аюханов) қатысып биледі. Бишілер тобының құрамымен Германияда, Венгрияда, Моңғолияда, т.б. елдерде өнер көрсетті.
Марапаттары 1957 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық классикалық билер байқауының лауреаты 1958 жылы Қазақ ССРнің еңбегі сіңген артисі құрметті атағы 1959 жылы "Еңбек Қызыл Ту" Ордені 1966 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен "Қазақ ССРнің халық артисі" құрметті атағы берілді. 1971 жылы 2 рет "Еңбек Қызыл Ту" Ордені 1981 жылы "Халықтар Достығы" Ордені СССРдің "Еңбек ардагері" және т.б медалдарымен марапатталған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:6 маусымда туғандар Санат:24 қаңтарда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан балет әртістері Санат:КСРО балет әртістері Санат:XX ғасыр балет әртістері Санат:Алматы хореография училищесі түлектері Санат:Қазақстан балет педагогтары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегерлері Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген əртістері Санат:Қазақстан халық әртістері Санат:Қазақстан бишілері Санат:Ваганова атындағы орыс балет академиясы түлектері Санат:Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры балет әртістері Санат:Алматы хореография училищесі оқытушылары Санат:Еңбек ардагері медалінің иегерлері (КСРО)