Карлос Альберто Мартинес Тевес (; 5 ақпан 1984, Буэнос-Айрес) — аргентиналық футболшы, шабуылшы. 2004 жылғы Жазғы Олимпиада чемпионы.

Мансабы Клубтық Кәсіпқой карьерасын 2001 жылы 16 жасында "Бока Хуниорс" сапында бастады. 2001 жылы 21 қазан күні "Тальерес" клубына қарсы тұңғыш рет алаңға шықты. Клуб сапында Тевес көптеген жүлделерге қол жеткізді.

2004 жылы желтоқсан айында "Коринтианспен" келісім шарт жасасты. Клубқа тез бой үйреткен Тевес көп ұзамай клубтың капитаны да болады. 2005 жылғы маусым қорытындысында Бразилия чемпионы атанды.

Еуропада ойнағысы келген Тевес 2006 жылы тамызда көптеген гранд клубтардың шақырғанына қарамастан, Англияның ортанқол "Вест Хэм Юнайтед" клубына ауысады. 2006/07 жылғы маусым басында "Вест Хэм" бірнеше матчта жеңіліске ұшырайды да, Аргентина құрамасының бапкері Альфио Басиле Тевеске бұл клубтан кетіп, мықтылау командаға баруға кеңес береді. Маусым соңында клуб премьер-лигадағы орнын әзер сақтап қалады да, Тевес енді "Манчестер Юнайтедке" баруға шешім қабылдайды. Бірақ Тевестің жаңа клубқа ауысуы оңай болмайды, шабуылшыны жібергісі келмеген лондондықтар футболшыны тіркеуден шығаруға асықпайды. Бәрібір 10 тамыз күні ресми түрде "Манчестер Юнайтед" футболшысы атанады.

2007/08 жылдың соңында клуб УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанады, Тевес Мәскеуде өткен финалдық матчта "Челсиге" қарсы алаңға шығып, алаңға шығып, матчтан соңғы пенальтилер сериясында өз кезегінде мүлт кетпейді.

2009 жылы жазда тағы бір манчестерлік клуб "Манчестер Ситиге" ауысады. 2010/11 жылғы маусымда клуб капитаны боп тағайындалды.

2013 жылы 26 маусымда "Ювентуске" ауысты. Клубта оған әйгілі Алессандро Дель Пьеро ойнаған 10-нөмір берілді. 2015 жылы клубтан кеткенше алаңға тұрақты түрде шығып отырды, екі рет Италия чемпионы атанды.

2015 жылы маусым айында туған клубы "Бока Хуниорсқа" оралды. 13 шілдеде Тевесті таныстыру салтанаты өтіп, оған 40 мың жанкүйер жиналды.

Ұлттық құрама Тевес 2004 жылғы Жазғы олимпиада ойындарында жеңімпаз атанған соң көп ұзамай ұлттық құрамаға шақырту алды. 2006 жылғы әлем чемпионатына қатысып, екінші турда Сербя және Черногорияның қақпасына бір гол соқты (6:0).

2010 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Мексиканың қақпасына екі гол соқты.

2015 жылғы Америка кубогынан соң құрамадағы карьерасын аяқтады.

Ерте жылдар Карлос Альберто Тевес (туған Карлос Альберто Мартинес) Хуан Альберто Кабрал мен Фабиана "Трина" Мартинестің отбасында Сьюдадела ауданындағы кедей отбасында дүниеге келген. 6 айлық жасында анасы отбасын тастап, әкесі жалғыз қалды. Карлос 6 жасында әкесі 23 оқ алып өлтірілді. Карлостан басқа отбасында ұлы да болды, Хуан Альберто Мартинес, және қызы Патрисия Мартинес. Әкесі қайтыс болғаннан кейін Карлосты оның тәтесі Адриана Ноеми Мартинес және оның күйеуі Сегундо Раймундо Тевес асырап алды. Олар мұны өте кедей болғанына қарамастан жасады; олардың төрт баласы болды — Дебора Хиселл, Диего Даниэль, Мигель Анхель және Рикардо Ариэль.

Оның балалық шағы Буэнос-Айрестегі ең қолайсыз және қылмыстық қала маңындағы "Эхерсито де лос Андес", "Фуэрте Апаче"деген атпен танымал болды. Ауданның бұл лақап аты Пол Ньюменнің "Форт Апаче, Бронкс" фильмінің атауынан шыққан. Осы жерден Карлос "Апач" деген лақап атқа ие болды. Оның таңдауы, футболы немесе қылмысы болды; Тевес біріншісін таңдады, кейінірек бұл спорт оны құтқарды деп айтты

Жетістіктері

Командалық Бока Хуниорс

Аргентина чемпионы (2): Апертура 2003, 2015 Аргентина кубогы: 2014/15 Либертадорес кубогы: 2003 Оңтүстік Америка кубогы: 2004 Құрлықаралық кубок: 2003

Коринтианс

Бразилия чемпионы: 2005 Манчестер Юнайтед

Англия чемпионы (2): 2007/08, 2008/09 Лига кубогы: 2009 Чемпиондар лигасы: 2008 Англия суперкубогы: 2008 Клубтар әлем чемпионаты: 2008

Манчестер Сити

Англия чемпионы: 2011/12 Англия кубогы: 2011 Англия суперкубогы: 2012

Ювентус

Италия чемпионы (2): 2013/14, 2014/15 Италия кубогы: 2015 Италия суперкубогы: 2013 Халықаралық Аргентина

Олимпиада чемпионы: 2004 Оңтүстік Америка чемпионы (U-20): 2003 Конфедерациялар кубогының финалисі: 2005 Америка кубогының финалисі (2): 2004, 2007 Жеке Оңтүстік Американың үздік футболшысы: 2003, 2004, 2005 Аргентинадағы жыл футболшысы: 2003, 2004 Аргентинаның үздік спортшысы: 2004 "Вест Хэм Юнайтедтің" үздік ойыншысы: 2007 "Ювентустың" үздік ойыншысы: 2014 Италиядағы жыл футболшысы: 2015

Дереккөздер

Сілтемелер Ағылшын Премьер Лигасындағы мәліметтері

Санат:Аргентина футболшылары Санат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан Олимпиада чемпиондары Санат:Бока Хуниорс ФК ойыншылары Санат:Коринтианс ФК ойыншылары Санат:Вест Хэм Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Манчестер Сити ФК ойыншылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:2004 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:Аргентина Олимпиада чемпиондары Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары