Үтік — киім-кешектердің қыртыстарын тегістейтін, яғни үтіктейтін тұрмыстық техника. Үтіктер киімдерді тегістеп алғашқы әдемі қыртыссыз қалпына келтіруде өздерінің салмағын және температурасын пайдаланумен қол жеткізеді. thumb|left|Үтіктер музейінде
Тарихы I ғасырда жазық жылтыр металдарды сумен қыздырып үтіктеу Қытайда қолданыла бастады.Үтіктеудің принциптері Көне Юнанстанда IV ғасырда пайда бола бастады.
thumb|right|Кәдімгі үтік. thumb|Көмірбен қыздырылатын XIX ғасыр аяғы мен XX ғасыр басы үтігі
XI ғасырда М. Қашқари «Диуанда» былай деп жазған: "YTYK (اُتُكْ): Үтік. Күрек пішінді бір темір құрал, киімнің қыртыстарын жазу үшін оны қыздырып киімді бастыра сылайды".Қашқари М. Түрік сөздігі. 1-том /Аударған А. Егеубай. – Алматы: Арда+7, 2017 жыл. ISBN 978-601-7355-64-7. 103 бет.
Алғашқы электрлі үтікті 1882 жылы Генри Силей ойлап тапты, ол өз үтігін Нью Йоркте Маусымның 6, 1882 жылы патенттеді (патен нөмірі 259,054). Оның үтігі 15 поунд болып ұзақ қызатын.Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6
Дереккөздер
Санат:Тұрмыстық техника