Қотантау – Қарқаралы тауларының оңтүстігінде орналасқан тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының оңтүстігінде, Қарқаралы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 62 км жерде орналасқан. Батыстан шығысқа қарай 5-5,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1-1,5 км. Абсолюттік биіктігі 1106 м.

Геологиясы, жер бедері Девон жыныстарынан түзілген. Беткейлері тік, оңтүстік жағы жайпақ, түпкі жыныстар жер бетіне шығып жатады. Қотантаудан көптеген бұлақтар бастау алады.

Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында көде, жусан, тобылғы, сұлыбас өседі. Оңтүстік және шығыс бөктерінде аласа қараған шоғырлары, түрлі шөпті шалғын кездеседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары