right|thumb|300px|Шереден жасалған ойжұмбақ Шере — екі не одан да көп жұқа ағаш тақтайшаларды бір-біріне беттестіріп желімдеу арқылы алынатын ағаш материал.
Шерені жасау үшін көбіне қайың, қандыағаш, қарағай, т.б. ағаш түрлері қолданылады. Шере тақтайшаларының қалыңдығы 1 — 19 мм, ұзындығы мен ені 725 — 2440 мм шамасында болады. Шеренің арнаулы түрлеріне: бакелиттендірілген шере (суға төзімділігін арттыру үшін бакелит сіңдірілген), сәндік шере, профильденген шере (пресс-пішімде престелген) жатады.
Шере құрылыста, автомобиль, вагон, кеме, ұшақ жасауда, сондай-ақ жиһаз өндірісінде, т.б. қолданылады.Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.
Дереккөздер
Санат:Ағаш өнімдері Санат:Жиһаз Санат:Құрылыс материалдары