Биметалл (би... және металл) — екі түрлі металл немесе қорытпа қабаттарынан (мысалы, болат пен алюминий, алюминий мен титан, т.б.) дайындалған материал. Әдетте, ол екі металл дайындамаларын прокаттау не престеу арқылы әзірленеді.Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2 Биметалл дайындалатын бұйымдардың беріктігі мен ыстыққа төзімділігін арттыру және олардың салмағын кеміту, сөйтіп қымбат әрі қат металдарды үнемдеу немесе арнайы қасиеті бар жаңа материал (мысалы, жылу реттегіштерде) алу үшін қолданылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6

Дереккөздер

Санат:Метал өңдеу