Ақтөбе — Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы ауыл, Ақтөбе ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Жосалы ауылынан оңтүстікке қарай 42 км-дей жерде, шөлді белдемде орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2066 адам (1087 ер адам және 979 әйел адам) болса, 2009 жылы 2214 адамды (1154 ер адам және 1060 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы

Тарихы 1996 жылға дейін "Чапаев" ауылы аталды. 1997 жылы ұжымшар негізінде Ақтөбе өндірістік серіктестігі ұйымдастырылды.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, дәрігерлік пункт, тұрмыс қажетін өтеу мекемесі бар. Ауыл арқылы Қызылорда — Ақтөбе автокөлік жолы өтеді.

Дереккөздер

Санат:Қармақшы ауданы елді мекендері