Ұлтшылдық (кейде Национализм, ) — саяси және ұлттық бірліктер сәйкес келуі керек дейтін, ұлттық бірлік пен дамуға талпынатын, ұлттық болмыс пен құқықты қорғайтын саяси принцип.

Ұлтшылдық идеологиясы бойынша ұлт пен ұлттық мемлекет әлеуметтік-саяси ұйымдасудың ең заңды әрі қалаулы бірліктері болып табылады және осы бойынша бүкіл әлеммен қабылдану керек. Адамдар игілікке, тұрақтылыққа, бақытқа тек ұлт құрамында, ұлттық мемлекеттерде қол жеткізеді деп түсіну қалыптасқан. Тарихи тұрғыдан бұл халықтың мемлекетпен байланысы біртіндеп саяси құрылымның бұрынғы түрлерін тықсырып шығарды. Басқа жағынан, ұлттық мемлекет идеалына тек онда бір ұлт қалған жағдайда жетуге болады. Ұлтшылдық мемлекеттілік институтын нығайтты.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

Ұлтшылдық - географиялық және кейбір елдерде демографиялық аймақтың маңыздылығын анықтайтын және сонда бірге тұратын халықтың ортақ салт дәстүріне және/немесе ұлысына тәуелсіздікті қалайтын ортақ топтық сезім. Басқа сөзбен, ұлтшылдық - жеке адамның өз ұлтына қарата мақтаныш және жауапкершілік сенімі немесе дамыту және құқық қорғау идеологиясы деп айтуға болады. Ұлтшылдық ұлттық сәйкестендіруді тұспалдайды, оған қарама-қарсы патриотризм әлеуметтік шарттастықты және мемлекеттің қадамдары мен шешімдерін қолдайтын жеке адамның мінез-құлқын білдіреді.

Саяси немесе әлеуметтік көзқарастардан қарағанда, ұлтшылдықтың пайда болуы туралы және оның негізгі ұғымдары туралы екі көзқарас бар. Бірінші, примордиалистік көзқарас ұлтшылдықты ежелгі эволюциялық беталыс жағынан көріп, адамдар туған туыстан құрайтын бөлек топтарға бөлінеді деген ойды қолдайды. Келесі, модернистік көзқарас ұлтшылдықты, өзінің бар болуы үшін қазіргі қоғамда құрылымдық жағдайлардың болуын талап ететін, жаңа құбылыс деп санайды.

Осы екеуіне альтернативтік көзқарас ортақ теориясында табылады. Осы теория бойынша ұлтшылдықтың құрылысы біздің заманымыздан шыққан, бірақ оның мағынасы мен cубъективті қамтуы примордиалистік сезімдеріне байланысты.

Ұлт - сөзінің өз мағыналары өте көп, сондықтан ұлтшылдық деген сөздің бірнеше бағыттары бар.

Кейбір мемлекеттерде азаматтық тек қана бір этникалық, мәдени, діни, немесе өздерін жеке куәландыратын топқа қана жататын ұғым. Алайда, мемлекет көпұлттық саясатты енгізсе ұлттық азшылықтар өздерінің ұлттық жеке қасиеттерін еркін түрде білдіре алады. Тарихи даму тұрғысынан, ұлттық бірегейлік қабылдануы ықпалды топтардың, олардың белгіленген әлеуметтік тапсырыс және олардың мүшелерінің сол әлеуметтік тапсырыстың тәжірибесі арасындағы сәйкессіздіктен, қалыптасқан дәстүрлі ұғымдарымен қанағаттандырылмағанның нәтижесінде болған, өз жағынан бұл жәйт ұлтшылдар шешуге тырысатын аномия жағдайға келтірді. Аномия нәтижесінде қоғам немесе қоғамдар біріккен бірлестікті құру үшін өздерінің жеке ұғымдарын жаңадан талдайды да оның ішінде жарамды элементтерін қалдырады, ал жарамсыз элементтерін жояды. Бұл даму ішкі құрылымдық мәселелерінің нәтижесінде немесе бар топтың немесе топтардың басқа қоғамдастықтарға қарай нараз болуынан, әсіресе оларды шетелдік державалар басқаратын болса немесе басқарады деп ойласа, пайда болды.

1983 жылы бұл анықтаманы Э. Геллнер ұсынды және ол әлі күнге дейін қолданыста. Көрсетілген "бірліктер" ұлттық мемлекет пен ұлтқа сәйкес келеді. Бұл идеалға жетудің екі негізгі жолы бар. Біріншіден, мемлекет халқын азаматтарға айналдыру. Азаматтық ұлтшылдықтың бұл түрінде азаматтық ұлтпен сәйкес келеді, ал, азаматтар жиынтығы ұлтпен сәйкес келеді. Осылайша, мемлекет ұлттық мемлекетке айналады. Екіншіден, этникалық ұлтшылдық шеңберінде белсенді топ діні, тілі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпымен анықталатын этникалық шығу тегіне негізделген ұлттық қозғалыстар құруы мүмкін. Ұлтты құрушылардың айтуынша, ұлтты қандай да бір этнос құрамына кіретіндер (кіреді деп саналатындар) құрайды. Егер халықтың осы бөлігі бұл көзқараспен келіссе, ол ұлтқа айналады.Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық.- Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6 Ұлттық ту, ұлттық әнұран және басқа ұлттық рәміздер ұлттық қоғамадастықтың өте маңызды бейнелері деп саналады.

Тарихы

18-ші ғасырдағы Англияда ұлттық қоғамдық саланың пайда болуынан және кешенді, ел-кең экономиканың пайда болуынан, ағылшын адамдар олардың отбасыларымен, қала немесе провинцияларымен ұқсататынын тоқтатты, енді олар бүкіл елмен анықтауды бастады. Танымал патриоттық ұлтшылдық ерте пайда болды, шамалы 18-ші ғасырдың ортасында, оны дамыту үшін Британдық үкімет және сол уақыттағы жазушылар мен зиялылар белсенді үлес қосты. Ұлттық рәміздер, әнұрандар, аңыздар, тулар мен мысалдар ынталы құралып, қабылданды. Одақ туы бір ұлттық ретінде қабылданды; Томас Арне «Rule, Britannia!» (“Басқар, Британния!”) деген патриоттық әнін 1740-шы жылы жазды, және карикатурашы Джон Арбутнот ағылшын ұлттық рухың бейнесі ретінде Джон Булл деген кейіпкерді 1712-ші жылы ойлап тапты.

18-ші ғасырдың аяғында Американдық және Француз революцияларының кесірінен саяси селкілдіктер патриоттық ұлтшылдықтың ықпалын таратуын күшейтті. Ультра-ұлтшылдық саяси партиялары Француз революциясынан кейін Франция жерінде таралды.

Пруссияда туған Йоханн Готфрид Гердер (1744-1803жж.), осы жаңа діннің түрінде пайғамбар болған және ұлтшылдық деген жаңа ұғымды еңгізген. Гердер немістердің сана сезімінде өздерінің тамырларымен мақтаныш сезімін тудырды және халыққа жолдауында тіл туралы сөйледі, өйткені оның ойынша тіл ұлттың ойын және мәдениетін көрсетеді. Ол ұлт және отан сүйгіштік деген түсініктерге аса үлкен мағына беріп отырды – "патриоттық рухын жоғалтқан адам өзін және өз туралы бүкіл әлемдерді жоғалтты", "белгілі бір мағынада әрбір адамның жетілдіруі ұлттық " деп оқытқан.

Ұлтшылдықтын саяси дамуына және халық егемендігі үшін соққы болған Еуропадағы ұлттық/этникалық революциялардың басталуы, мысалы 1821-1829 жылдардың арасындағы Грекия тәуелсіздік соғысы. Сол кездерден бастап, ұлтшылдық тарихтағы ең мықты саяси және әлеуметтік күштерінің бірі болды, бәлкім ең көріңкі ықпалы Бірінші Дүниежүзілік әсіресе Екінші Дүниежүзілік соғыстарында білінді. Ұлтшылдықтың ұғымдары сауаттылық, білім және байланыс құралдар арқылы таралды: Бенедикт Андерсон айтқандай "Белгілі бір тіл емес, баспасөз тілі ұлтшылдықты ойлап шығарады"

Себептері

Ұлтшылдықтың пайда болуының себептерін екі басты ойшылдар тобы зерттейтін:

1 модернисттік көзқарас ұлтшылдықты, өзінің бар болуы үшін қазіргі қоғамда құрылымдық жағдайлардың болуын талап ететін, жаңа құбылыс деп санайды

2 примордиалисттық көзқарас ұлтшылдықты ежелгі эволюциялық беталыс жағынан көріп, адамдар туған туыстан құрайтын бөлек топтарға бөлінеді деген ойды қолдайды

Роджер Мастерс Саясат Негіздері (1989ж.) деген еңбегінде ұлтшылдықтың түсініктері, модернисттік және примордиалисттық, екеуі де адамның немесе топтың ұлттық ұғымындағы ортақ мүдделерінің үш деңгейі бар екенінде келіседі:

1 топ аралық деңгейде, адамдар бәсекейлестік немесе жанжал жағдайға түссе басқа топтарға шабуыл жасау үшін немесе өз тобын агрессиялық топтардан қорғау үшін бір топқа бірігеді

2 топ ішіндегі деңгейде, жеке күшімен қиын болғандықтан, адамдар бір бірімен ынтымақтастық құрып, ортақ мүдделерді қорғайды, сонда топқа жататын адамдар пайда көреді

3 жеке адам деңгейде, басқа адамның жарамдылығы туралы пайдакүнем ойлап, не түйсіксіз не әдейі, өзінің қорғаныс ойларының нәтижесінде топты құруға уәждейді

Этникалық немесе ұлттық топтардың мәдениетінің дамуында көсбасшылық немесе элита топтардың жүріс-тұрысы, әсірісе айтылған топтардың мобилизация кезінде көсбасшылық топтар өз жарамдылығын сынайтын кезінде, маңызды ықпал етеді.

Примордиалисттық түсіндіру

Примордиалисттық көзқарас эволюция теориясында құрылған. Ұлтшылдықтың эволюциялық теориясы, эволюция нәтижесінде адам өзін әр түрлі топтармен, ұлттың негізіне жататын этникалық немесе басқа топтармен, байланыстырғандықтан ұлтшылдық дамыған деп ойлайды. Роджер Мастерс Саясат Негіздері-нде этникалық және ұлттық топтардың құрылуын примордиалисттық түсіндірумен көрсетеді: топтың ішіндегі байланыс қайталанбас, эмоциялық, зор және ұзақ болады, өйткені ол туытсық қарым-қатынаста құрылған және ортақ ата-бабаларымен ынталандырылған.

Ұлтшылдыққа примордиалисттық эволюциялық көзқарас Чарльз Дарвинның, кейін Джон Тооби мен Леда Космидес жетілдірген, эволюциялық теориясынан жаралған. Эволюция теориясындағы түйінді ойы - бүкіл биологиялық ағзалардың анатомиялық ерекшеліктері және оларға тән мінез-құлық үлгілері өзгерістерден өтеді. Дарвинның табиғи іріктеу теориясы ағзалардың эволюциялық өзгерістердің механизмы болып, адам қоғамдардың дамуын, ерекше айтқанда қоғамдардың мүшелерінің психикалық және психологиялық белгілерінің дамытуын, суреттейді.

Психикалық және психологиялық белгілерінің эволюциялық дамуына қатар, Дарвин және басқа эволюциялық теоретиктар қоршаудың тәртіпке әсер ететіне ерекше көңіл аударды. Біріншіден, ата-бабалар ежелгі кезден тұратын аймақтар болады, олар адамның немесе топтың психикалық күйіне, мұра ретінде келіп немесе отбасының және туыстардың арасында жүргеннен кейін, әсер етеді де нақты мінез-құлықтың дамуына келтіреді. Ұлттық топтарда ата-бабалардың қоршаған орталарының болуы патриоттық қозғалыстарды жарату сияқты психологиялық ниеттерге себеп болады. Дереу орталар деп аталатын жағдайлар кезек болса, олар адамда немесе топда сол жәйттарға сай психикалық жауаптарды тудырады. Ұлттық топтардың үлгісін алсақ, ұлттың шекарасына жақын шетел әскер дайындықтарды байқаса, ұлт өкілдері қосылып, өзінің әскери күштерін шетелге қарсы көтеруі мүмкін. Нақты орталарда адамдар дереу емес шынайы немесе ойдан шығарылған жағдайлар мен бірге дереу жағдайларды ажыратады, сонымен адам жие кездестіретін субъективтік және объективтік компоненттерден құралған жәйттар адам шешімдеріне әсер етеді. Нақты орталардың өздері адамды, сол кездегі және келешекте болуы мүмкін жағдайларға қаратқызып, шешім қабылдауға мәжбүр етеді. Ұлт және ұлтшылдық саясаттардың мәнмәтінінде, саяси көсбасшының қолы қойылған халықаралық шарт негізінде мейірімді тілекпен емес бірақ көсбасшының өз еліне келешекте пайда әкелер деп сеніміне байланысты немесе ұлттың абыройы көтерледі деген үмітпен қабылданғаны мүмкін. Өз жағдайларымен риза емес елдердің саясаттарында нақты ортаның рөлі бар (мысалы, осыған ұқсас, адам немесе топ өзін пайдаланған болып сезсе және оны ашық білдіртсе, бұл жағдайға шешім табылады, алайда бұны ашық айтпай жүре берсе, олардың мәселесіне ешкім мән бермейді). Басқа елдердің қасерінен, өзінің жағдайын ұнатпайтын елдер ұлтшылдықты анықтайтын нақты ортаның әсеріне түседі.

Бұл көптеген тарихи жағдайларда кездеседі, мысалы Американдық және Француз революциялары. Кезінде өздерінікі болғанын қайтару үшін, өз даралығын, салт-дәстүрлерін жоғалту қорқыныш және экономикалық теңсіздік, адамдардың бірлестіруіне себеп болды. Мемлекет жасамау керек әрекеттерін істесе де істемесе де, мемлекеттің тұрғындары ол олардың екенін анық білді, кем болғанда олар оның екенін білді. Мемлекет олардан не талап ететінін білді, және олар өз борыштарын құқықтарының бір шарты ретінде қабылдады. Демек, олар міндеттердің және құқықтардың негізгі алаңдарын білді. Қысқаша, жеке және топтық ұмтылуға жол ашқан ұжымдық қызығушылық пен мақсаттың басым болуы. Осы сезімнің жоғалтуы біздің сияқты қоғамымыз үшін ауыр қаза болар, өйткені оның орнына әлі ештене табылмады.