Аметист (грек) – минерал, кварцтың күлгін, көгілдір күлгін мөлдір түрі. Қысқа призмалы жеке кристалдар немесе топталып друза түрінде кездеседі. Түсі құрамындағы темір қоспасына және қыздыру температурасына байланысты өзгереді. Төменгі температуралы гидротермальды желілерде түзіледі. Аметистің әсем бояулы ірі кристалдары асыл тасқа жатады, зергерлік істе қолданылады. Жасанды аметист алу өндірісі де жақсы дамыған. Географиясы Аметист Бразилия, Уругвай, Оңтүстік Корея, Ресей, және Үндістанда өндіріледі. thumb|Музейдегі аметист кесегі|thumb

Cілтемелер

Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;

Сілтеме

http://mineral.galleries.com/minerals/gemstone/amethyst/amethyst.htm http://mindat.org/min-198.html http://gemstone.org/gem-by-gem/english/amethyst.html

Санат:Геология