Молибденит, молибден жылтыры (грек. molуbdos – қорғасын, сырт пішіні қорғасын секілді). Химиялық формуласы: МоS2; – сульфидтер класының минералы. Құрамында – 60%-ға дейін Мо, 40% S болады, сонымен қатар Se, Re және басқа қоспалар жиі кездеседі. Гексагондық сингонияда кристалданады. Табиғитта Молибденит қабыршақты, жапырақты агрегаттар, сферолиттер түзеді. Молибдениттің кристалдарында пинакоид, призма, пирамида сияқты қарапайым пішіндер жиі кездеседі. Түсі қорғасын тәрізді сұр, металша жылтырайды, қатт. Моос шкаласы бойынша 1 – 1,5, серпімді, майысқақ, қолға жұғады, талшықтары оңай бөлінеді, жымдастығы бір бағытта жетілген, аз мөлшерде электр тогын өткізеді; тығызд. 4,7 – 5,0 г/см3. Қышқыл интрузияларда, грейзендерде, мусковит, касситерит, арсенопиритпен бірге ұшырайды. Молибденитті бейполюстік көмірсутектерін пайдаланып кендерден флотация әдісімен алады. Молибденит – молибден кендерінің басты минералы. Қазақстанда Бозшакөл, Қоңырат, Солтүстік Қоңырат, Шығыс Қоңырат, Көктің көлінде молибден және мыс-молибден кендерінің қоры бар.Қазақша энциклопедия, 6 том.
Дереккөздер
Санат:Молибден минералдары Санат:Сульфид минералдар